09 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1098

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 28 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына салалық коэффициент пен үстемеақы белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 сәуірдегі №301 қаулысының және «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрамында аймақтық емдеу-диагностикалық орталығын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 шілдедегі №619 қаулысының 4-тармағының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына салалық коэффициент пен үстемеақы белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 301 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрамында аймақтық емдеу-диагностикалық орталығын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 шілдедегі №619 қаулысының 4-тармағы. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.